«САРҚЫРАҒАН ӨЗЕНІ – БҰЛАҚ БОЛҒАН ЗАМАН-АЙ»

Театр…

         Театрға алғаш барған күнім дәл бүгінгі күндей есімде. Журналистика факультетіне түскеннен кейін үлкен курстағылардан театр туралы өте көөөп естідік. Театрды бір көру арман болды. Ақыры не керек, сабақ аз болған бір күні әкемтеатр атанған М.Әуезов атындағы драма театрға тартып кеттік.

         Міне, сол күннен бері арада бес жылдай уақыт өтсе де театрдан іргеміз ажыраған емес. Мүмкіндігімізше жаңа қойылымдарға құрбыларыммен барып тұрамыз. Бұл айдарымда театр, ондағы қойылымдар туралы ойымды білдіріп тұрамын, иншАлла!

         Жексенбі күні бұрын көрмеген қойылымым «Жұмақтағы жасынға» жиналдым.  Әдеттегідей, достарымды да шақырып қойған едім. Жауып тұрған жаңбырға қарамастан, олар да келіпті. Ұятқа қалғаным-ай! Сөйсем бүгін Оралханның «Атау кересі» екен ғой!

         Өкінгенім жоқ. Ол да көрмеген қойылымым болатын. Басты рөлдегі Нюра апаны Роза Әшірбекова, Айнаны Айгүл Иманбаева ойнады. Қысылып тұрсам да айтайын, Оралханның «Атау кересін» былтыр ғана оқыған болатынмын. Ерекше әсер етіп еді. Жан дүниеме төңкеріс әкелген болатын…

         Енді бүгін қойылымын көріп отырмын. Жаман емес. Жақсы. Оны қойылымнан жылап шыққан көрерменге қарап та айтуға болады. Әсер еткені ғой…

         Әсіресе «Ешкімге керек емес адам болмайды. Сіз бәрібір бір адамға керексіз» деп жанұшырған Айнаның сөзін өз өмірін өзі қиып, қыршын кетіп жатқан адамдарға айту керек-ау деп ойладым.

         «Осы күнгінің адамдары атау керелерін ішіп жүрген жоқ па?» деген Нюра кемпірдің сөзін балаларын ұмытып арақ ішіп кеткен әкеге, көшеде қисайып, ыржалаңдап жатқан ағаға, харамды халалдай қылғытатын «дараға» айтуымыз керек пе деп ойладым.

         «Өз оттарыңды өздерің сөндіріп, әбден жаман үйренген екенсіңдер» деген шалдың сөзін қырыққа келсе де өзін жас санайтын жігітке, отызға келсе де тұрмыс құру ойы түгіл, түсіне де кірмеген қызға, отбасын өз қолымен ойрандаған ессізге айту керек шығар деп ойладым.

         Сонымен не керек, қойылым біраз ойлантып-ақ тастады. Сәл ойлану керек болса «Атау кереге» тартып кетіңіз. Өйткені қойылым «Адамның түбіне жететін нәрсе – ойсыздық» деп аяқталған еді…

P.S. Тақырып та қойылымдағы сөздерден алынды…

Advertisements

11 пікір (+add yours?)

  1. Samal
    Сәу 19, 2011 @ 09:51:19

    Марфу, блогыннын ашылуымен! Куттыктаймын! Конил тукпиринде журген адеми ойларынды узбей окып турамыз! Жарайсын!

    Жауап беру

  2. Samal
    Сәу 19, 2011 @ 09:51:56

    Марфу, блогыннын ашылуымен! Куттыктаймын! Конил тукпиринде журген адеми ойларынды узбей окып турамын! Жарайсын!

    Жауап беру

  3. "Әнелге"гашык жігіт ем...
    Сәу 19, 2011 @ 10:21:23

    Саттілік! Танымал блог болуын тілеймін, Марфуга!

    Жауап беру

  4. Сабина
    Сәу 19, 2011 @ 11:46:59

    Марфу! Кушті екен! Маган да ашып берші аааа!

    Жауап беру

  5. Гүлсара
    Сәу 19, 2011 @ 12:41:18

    «Жақсылардың жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, біз үшін, халық үшін жасап жүрген осындай жақсылықтарыңыз үшін РАХМЕТ айтамын)))))

    Жауап беру

  6. tynysbek
    Сәу 20, 2011 @ 03:31:43

    Байқаймын, сенде ой да, сезім де бар екен. Жақсы

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: