«Мен бір жұмбақ адаммын…»

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын… 

         Алақай!!! Мен де блог бастадым-ау, әйтеуір! Негізі, ммм… Өзім туралы айтқанды жақсы көрмеймін. Бірақ сонда да, жазбаларымды оқып отырған жан менің кім екенімді білуі керек-ау деп шештім. Асып бара жатқан өмірбаяным да жоқ. Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қалашығындағы Абай атамыздың аты берілген мектепті 2006 жылы бітіріппін. Сосын КазГУ-дың журналистика факультетіне топ ете қалыппыз. 2-курста оқып жүргеннен «Жұлдыздар отбасы» журналында қызмет еттім. Алғашында журнал ішіндегі «Аңыз адам», «Жас толқын» деген айдарларды жүргізуші едім. Қазір «Иман нұры» деген меншікті айдарым бар. «Аңыз адам» жеке журналға айналды. Негізінен сонда жазып жүрмін. Блогты бастаудағы мақсатым – сұхбаттарымды ғаламторда жариялау болатын. Көптен ойда жүрген істі енді қолға алып жатырмын. Алла қаласа, блогымнан соңғы сұхбаттарым мен  өзге де түрлі жазбаларымды оқитын боласыздар.

Марфуға ШАПИЯН

5 пікір (+add yours?)

  1. Aina meken
    Қыр 16, 2011 @ 07:33:42

    Құтты болсын, Марфужан! Өте қуаныштымын! Тұңғиық, тұнық ойларға жетелер жазбалар көбейсін! АЛЛА разы болсын!

    Жауап беру

  2. Розатай
    Қыр 16, 2011 @ 09:09:58

    Марфу!!! Сенің блогыңды енді көріп отырмын, құтты болсын! Көрші болдық қой енді, тізімге қостым. Блогың қызықты жазбаларға толсын деп тілеймін! 🙂 Мені таныған шығарсың 😉

    Жауап беру

    • tungiyk
      Қыр 16, 2011 @ 09:28:01

      Алла разы болсын! Мен мұны баяғыда бастап, жалғастыра алмай қалғанмын ғой. Сені де қосып қояйын десем, әлі қалай қосуды білмей отырғаным)))

      Жауап беру

  3. vkototy
    Қыр 22, 2011 @ 04:11:30

    Қаламыңыздан туған талай-талай қызықты материалдарыңызды оқуға жазсын!

    Жауап беру

  4. Самат
    Қыр 23, 2011 @ 11:04:39

    Кутты болсын куанышынызга ортакпын!!! жазар кобейсін

    Жауап беру

Leave a reply to Aina meken Жауап беруден бас тарту